15 маусым 2017 | 14:15

ШҚО-да ауыл тұрғыны таныстарына оқ атқан: Үш адам жарақат алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет © pixabay.com Иллюстрациялық сурет © pixabay.com

ШҚО-да жанжал шығып, соңында адамдар оқ жарақатын алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

ШҚО-да жанжал шығып, соңында адамдар оқ жарақатын алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оқиға 14 маусымға қараған түні Аягөз ауданындағы Ақтоғай ауылында болған. ШҚО ІІД мәліметінше, бір топ жігіт бір отырыста болып, ішімдік ішкен. Отырыстың соңы жанжалға ұласқан. Көпшіліктің ішінен бір адам қолына аң аулауға арналған мылтық алып, көпшілікке қарай атқан. 

Соның салдарынан үш адам жарақат алды. "Ер адам мас болған. Ол мас күйінде тегіс ұңғылы қарудан бір рет оқ атқан. Ұш адам жарақат алды. Полиция оқиға орнына барған бетте, қарудан оқ атқан адамды ұстаған. Ол өз кінәсін толығымен мойындады. Қазіргі уақытта ол уақытша тергеу изоляторына қамалды", - деді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Ұсталған адам 1978 жылғы жергілікті тұрғын болып шыққан. Жарақат алған үш адам да өзінің танысы. Алайда жарақат алған үшеуінің де жағдайы қалыпты деп бағаланып отыр. Соған қарамастан, атқыш қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы ("Бұзақылық, атыс қаруын қолдану") бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларының бірыңғай реестріне тіркелген. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети