21 ақпан 2017 15:49

ШҚО-да бес автокөлік бір-біріне соғысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© yk.kz © yk.kz

Өскеменде өрге қарай шығатын тайғақ жолда ерекше жол апаты болды. Мұнда бес автомобиль бір-біріне соғысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Өскеменде өрге қарай шығатын тайғақ жолда ерекше жол апаты болды. Мұнда бес автомобиль бір-біріне соғысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы тайғақ өрге шығатын жолда болды. Жүргізуші мәліметінше, бұл жолда асфальт үстіне құм себілмеген, қалада үш күн бойы боран соғып тұр.

Куәгерлердің айтуынша, бұрылатын жерде жүргізуші кілт тоқтаған, ал артынан келе жатқан көліктер тоқтап үлгермеген. Жол-көлік оқиғасынан көліктер бір-біріне соғысқан. Барлық көліктер тайғақ өр жолдан төмен қарай сырғанай бастаған. 

"Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Барлық мән-жай анықталып жатыр", - деді Өскемен ІІБ мамандары. 

Барлық көлікке әр түрлі зардап келтірілген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети