Тұрар Қазанғапов
Шығыс Қазақстан облысында бір жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті, - деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысында бір жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті, - деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Қайғылы оқиға 10 тамызда Алтай қаласындағы Комаров көшесі бойынша түскі уақытта болды. Куәгерлердің айтуынша, бала пәтердің бесінші қабатындағы терезеден құлап кеткен.
Алтай ТЖБ бұл ақпаратты растады. Мамандар бала сол жерде-ақ қаза болғанын хабарлады. "Қырағы болыңыздар. Терезелерді жауып жүріңіз, москит торына сенбеңіз! Балаларды қараусыз қалдырмаңыз!", - деді Алтай ТЖБ мамандары.