Шығыс Қазақстан облысында қылмыстық топ құрды және бюджет қаражатынан төрт миллиард теңге жымқырды деп айыпталған экс-шенеунік сот үкімін естіп, есінен танып құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысында қылмыстық топ құрды және бюджет қаражатынан төрт миллиард теңге жымқырды деп айыпталған экс-шенеунік сот үкімін естіп, есінен танып құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Сотталушы қылмыстық топты басқарғаны және қызметтік бабын пайдалану, лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп табылды. Қылмыстық жолмен келген мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік билік қызметінде жұмыс істеу құқығынан айырылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды", - деді судья.
Судьяның осы сөздерін естіген сотталушы еденге ес-түссіз құлады. Залға дәрігерлер шақырылды. Дәрігерлер оны қарап шығып, ол инсульт алған болуы мүмкін деп жансақтау бөліміне алып кетті. Осы жағдайға қарамастан ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Людмила Побияха үкімді соңына дейін оқыды.
Сонымен қатар, сот үкімі тағы жеті адамға шықты. Қылмысқа барған сыбайластар бес жылдан алты жылға дейін сотталды. Мүлкі тәркіленеді. Барлық сотталушы бюджетке бір жарым миллиард теңге төлеуі тиіс.
Экс-шенеуніктің қазіргі жағдайы әзірге белгісіз.
Сот барысында сотталушы өз кінәсін мойындаған жоқ. Оның адвокаттары судьяның шешіміне арыз бермекші.