Аягөзде 11 жастағы оқушы зиратқа барып, асылып қалған. Бұл оқиғаның себебін қазіргі уақытта полицейлер анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Аягөзде 11 жастағы оқушы зиратқа барып, асылып қалған. Бұл оқиғаның себебін қазіргі уақытта полицейлер анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
11 жастағы баланың әке-шешесі оның жоғалғаны жайлы хабарды полицияға 22 желтоқсанда берген. Баланы іздеуге жергілікті құқық қорғау органдары мен әскерилер тартылды. Іздеу шараларына аягөздіктер де қосылған еді.
"Баланы іздеумен ондаған полицей айналысты, оның қайда екенін анықтау басты мақсат болды. Шараға жергілікті тұрғындар да қосыдды. Өкінішке қарай, бала тірі табылмады. 24 желтоқсанда шеткі аймақта іздестірілген балаға жеке белгілері бойынша сәйкес келетін бала табылды. Денесінде зорлық өлімін сипаттайтын жарақат іздері болмады. Осы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жіті тергеу жүргізіліп жатыр. Іс ШҚО ІІД басшылығының ерекше бақылауында", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.