ПОДЕЛИТЬСЯ
13 маусым 2019 | 10:52
ШҚО-да жұмысшы кәріз құдығында уланып қаза тапты
Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласында слесарь кәріз құдығында қаза тапты, - деп хабарлайды Yk-news.kz сайты.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласында слесарь кәріз құдығында қаза тапты, - деп хабарлайды Yk-news.kz сайты.
12 маусымда кәріз құдығын тазалау жұмыстары кезінде "Зайсан" коммуналдық көпсалалы мемлекеттік кәсіпорынның үш қызметкері метаннан уланған. Төтенше жағдай және өрт бөлімінің құтқарушылары уланғандарды құдықтан алып шықты. Жұмысшылар қауіпсіздік техникасының нормаларын бұзған.
"Зардап шеккендердің бірі - 1974 жылы туған ер адам оқиға орнында қаза тапты. Одан бөлек, құтқарушылар құдықтан 1981 жылы туған жүргізушіні алып шықты, ол қазір ауруханада. Ал 32 жастағы тағы бір жұмысшы медициналық көмектен соң үйіне жіберілді", - деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметіндегілер.
Показать комментарии
Читайте также