13 маусым 2019 10:52

ШҚО-да жұмысшы кәріз құдығында уланып қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ШҚО Төтенше жағдай департаменті Фото: ШҚО Төтенше жағдай департаменті

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласында слесарь кәріз құдығында қаза тапты, - деп хабарлайды Yk-news.kz сайты. 


Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласында слесарь кәріз құдығында қаза тапты, - деп хабарлайды Yk-news.kz сайты. 

12 маусымда кәріз құдығын тазалау жұмыстары кезінде "Зайсан" коммуналдық көпсалалы мемлекеттік кәсіпорынның үш қызметкері метаннан уланған. Төтенше жағдай және өрт бөлімінің құтқарушылары уланғандарды құдықтан алып шықты. Жұмысшылар қауіпсіздік техникасының нормаларын бұзған.

"Зардап шеккендердің бірі - 1974 жылы туған ер адам оқиға орнында қаза тапты. Одан бөлек, құтқарушылар құдықтан 1981 жылы туған жүргізушіні алып шықты, ол қазір ауруханада. Ал 32 жастағы тағы бір жұмысшы медициналық көмектен соң үйіне жіберілді", - деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметіндегілер.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети