ШҚО-да Toyota Corolla маркалы автомобилінің тізгінінде болған әйел адам тізгінге ие бола алмай, жолдан шығып кетіп, аударылған, - деп хабарлайды Устинка LIVE.
ШҚО-да Toyota Corolla маркалы автомобилінің тізгінінде болған әйел адам тізгінге ие бола алмай, жолдан шығып кетіп, аударылған, - деп хабарлайды Устинка LIVE.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Corolla жолаушысы 1968 жылғы әйел қаза тапты. Ал жүргізуші әйел жарақат алған, дәрігерлер оны қарап шығып, үйіне жіберген. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабына ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") сәйкес іс қозғалды", - деді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев.
Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның мән жайын анықтап жатыр.