08 сәуір 2016 15:55

ШҚО-да күйеуін құрбысынан қызғанған әйел оған пышақ ала жүгірген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Facebook.com © Facebook.com

ШҚО-да күйеуін құрбысынан қызғанған әйел оған пышақ ала жүгірген, - деп хабарлайды YK-news.kz.


ШҚО-да күйеуін құрбысынан қызғанған әйел оған пышақ ала жүгірген, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Басылымның мәліметінше, келіншек азаматтық некедегі күйеуімен бірге таныс құрбысының үйіне барады. Отырыс кезінде үй иесі қонақтарға шарап ұсынған. Бірнеше уақыттан кейін шарап таусылып, қонақ келіншек дүкеннен ішімдік әкелуге кетеді. Қайтып келген оған үй ішіндегілер ұзақ уақыт бойы есік ашпаған. Біраз уақыттан кейін үй иесі қонақты кіргізеді. Үйге кірген келіншек сүйіктісінің киімсіз жатқанын көрген. Осыдан кейін жанжал шығып, қонақ келіншек күйеуіне пышақ ала жүгірген. Кейін ол жедел жәрдем қызметіне хабарласады.

Тергеу амалдары кезінде жәбірленуші күн ыстық болғандықтан шешінгенін айтты. Сонымен қатар, сотта ер адам сүйіктісін кешіргенін айтып, оны қатты жазаламауды сұрады. Сот келіншекке үш жылға бас бостандығынан шектеу жазасын кесті. Дегенмен үкім заңды күшіне енген жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети