06 қыркүйек 2020 | 12:01

ШҚО-да мас жүргізуші 4 баланы қағып кетті. Бір қыз қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысында мас жүргізуші төрт баланы қағып кетті. Бір бала қайтыс болды, қалғандары ауруханаға жеткізіліді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстан облысында мас жүргізуші төрт баланы қағып кетті. Бір бала қайтыс болды, қалғандары ауруханаға жеткізіліді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға 5 қыркүйекте кешке болған. Жаңа Шүлбі ауылында 31 жастағы мас жүргізуші көлікке отырып, бұрылғысы келген, бірақ басқара алмай қалған. Нәтижесінде ол жол маңында ойнап жүрген төрт баланы қағып кетті.

"Mitsubishi Challenger жүргізушісінің кінәсінен болған жол-көлік оқиғасы салдарынан 5, 10, 11 және 12 жастағы балалар зардап шекті. Өкінішке қарай, 10 жастағы қыз жедел жәрдем көлігінде көз жұмды, қалған балалар түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Автокөлік жүргізушісі ұсталып, аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Полиция ақпараты бойынша, аталған қылмыс үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру және 10 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығына тыйым салу жазасы көзделген.

Қазіргі уақытта сот сараптамалары жүргізіліп жатыр, олардың нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети