ШҚО-да мерзімді әскери қызметші мен оның ата-анасы жол апатынан қаза тапты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да мерзімді әскери қызметші мен оның ата-анасы жол апатынан қаза тапты Фото:depositphotos.com

Абай облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан мерзімді әскери қызметші мен оның ата-анасы қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан мерзімді әскери қызметші мен оның ата-анасы қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 28 маусымда болған. Ресми ақпаратқа сәйкес, әскери қызметші ата-анасымен бірге Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдердің біріне демалыстан қайтып келе жатқанда жол апатына ұшыраған. Үшеуі де оқиға орнында көз жұмған.

"Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз. Бұл ауыр сәтте сіздердің қайғыларыңызға ортақпыз", – делінген хабарламада.

Дерек бойынша құзырлы органдар тергеу жүргізіп жатқаны айтылды.

Ведомство марқұмдардың отбасына жан-жақты көмек көрсетілетінін, оның ішінде мәйіттерді әскери бортпен тұрғылықты жеріне жеткізу қамтамасыз етілетінін хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети