23 желтоқсан 2021 | 13:18

ШҚО-да полицейдің қатысы бар деген жол апаты бойынша іс тоқтатылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Өскеменде Lexus көлігімен жолаушылар автобусына соқтығысқан полицейге қатысты іс тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Өскеменде Lexus көлігімен жолаушылар автобусына соқтығысқан полицейге қатысты іс тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

12 қарашада Өскемендегі Үлбі көпірінде болған жол-көлік оқиғасы үлкен резонанс тудырды. Жол талғамайтын көлік тізгіндеген полицей ішінде бірнеше жолаушы болған автобусқа соқтығысқан. Оқиғаның куәгерлері жол талғамайтын көлік жүргізушісі мас болғанын айтты.

Бұдан кейін Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті бірнеше жолаушы мен екі жүргізуші зардап шеккенін мәлімдеді. Жол талғамайтын көлік жүргізушісінің миы шайқалған.

Сараптама полицей мас болғанын анықтаған. Ол рөлде ұйықтап кетіп, жол-көлік оқиғасына ұшыраған. Оның үстіне, ресми ақпарат бойынша ол демалыста болған. Нәтижесінде, жол талғамайтын көлік жүргізушісіне қатысты соталды тергеу тоқтатылғаны белгілі болды.

"ШҚО Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 345-бабы 1-бөлігінде көзделген құқықбұзушылық белгілері бойынша қылмыстық іс қозғады. Соталды тексеру аясында жәбірленушілер жазбаша бас тартуына қарамастан, жеті жолаушыға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды және жүргізілді. Жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша барлық жәбірленуші денсаулығына жеңіл зиян келген. Lexus жүргізушісіне қатысты химиялық-биологиялық сараптама жүргізілді, оның нәтижелері бойынша алкоголь және есірткі заттарын тұтыну фактісі анықталған жоқ. Бүгінде Lexus жүргізушісіне қатысты соталды тергеу материалдары бойынша іс жүргізу қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды", - деп түсіндірді полиция өкілі.

Алайда, ер адам ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 610-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады ("Көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соққан бұзуы"), яғни оған 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу немесе тоғыз айға дейінгі мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы қарастырылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети