16 ақпан 2021 | 10:20

ШҚО-да полицейлер ауыл тұрғынынан қару-жарақ арсеналын тәркіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ustinka.kz Фото: ustinka.kz

Полиция қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысындағы ауыл тұрғынынан оқ-дәрілер, бірнеше мылтық, патрондар мен оны алып жүруге арналған жабдықты тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Устинка LIVE" басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Полиция қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысындағы ауыл тұрғынынан оқ-дәрілер, бірнеше мылтық, патрондар мен оны алып жүруге арналған жабдықты тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Устинка LIVE" басылымына сілтеме жасап.

Көкпекті ауданының криминалдық полиция бөлімі қызметкерлері 63 жастағы ауыл тұрғыны үйін тінту кезінде түрлі калибрлі төрт бір ұңғылы және екі ұңғылы бір мылтықты, 16 патронды, 18 гильзаға арналған қорамсақ және қаптағы пышақты тауып, тәркіледі.

"Тергеу-баллистикалық сараптамасы тәркіленген заттардың спорттық және аңшылық қаруларға арналған оқ-дәрілер екенін және атуға жарамды екенін көрсетті. Пышақ аңшылыққа арналған", - деді ШҚО полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев.

ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі ("Қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау немесе алып жүру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ер адамға бес мың АЕК (14,5 миллион теңге) айыппұл, түзеу жұмыстары немесе бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы қарастырылған. Күдікті белгілену үшін бөлімшеге келіп тұру міндеттелді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети