© Знамя индустрии
Қайғылы оқиға 13 шілдеде сағат 03:00 шамасында "Шығыстүсмет" ЖШС Орлов шахтасының аумағында болған, - деп хабарлайды Altaynews.
Қайғылы оқиға 13 шілдеде сағат 03:00 шамасында "Шығыстүсмет" ЖШС Орлов шахтасының аумағында болған, - деп хабарлайды Altaynews.
ШҚО бойынша корпоративтік байланыстар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тау-кен массасы опырылып, екі жұмысшы жарақат алған. Шахтаның бекітушісі оқиға орнында көз жұмған, екінші жұмысшы ауруханаға жеткізілген. Оның жағдайы тұрақты, өміріне қауіп жоқ.
Қазіргі уақытта арнайы комиссия құрылып, шахтада болған жағдайдың себептері анықталып жатыр.