ПОДЕЛИТЬСЯ
19 сәуір 2021 | 14:13
ШҚО-да суға батып кеткен екінші балықшы табылды
Шығыс Қазақстан облысында суға батып кеткен екінші балықшының мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шығыс Қазақстан облысында суға батып кеткен екінші балықшының мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"19 сәуірде Тұғыл кентінің тұрғындары Тарбағатай ауданы Зайсан көлінен суға батып кеткен екінші балықшының мәйітін тапты. Олар 1990 жылы туған балықшыны судан алып шықты", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, қайғылы оқиға 2020 жылдың 20 қарашасында болған. Екі ер адам балық аулауға кетіп, қайтып оралмаған. Құтқарушылар 26 күн бойы іздестіру жұмыстарын жүргізген. Сүңгуірлер алтыдан тоғыз метрге дейінгі тереңдікке 145 рет түскен. Іздеу жұмыстарының жалпы ауданы 16 291 шаршы шақырымнан асады, бірақ нәтиже болмаған еді.
16 сәуірде ШҚО ТЖД күштері іздестіруді қайта бастағанын хабарлаған. Нәтижесінде сол күні құтқарушылар оқиға болған жерден 30 шақырым жерде 1981 жылы туған бір адамның мәйітін тапқан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также