19 сәуір 2021 14:13

ШҚО-да суға батып кеткен екінші балықшы табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысында суға батып кеткен екінші балықшының мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Шығыс Қазақстан облысында суға батып кеткен екінші балықшының мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"19 сәуірде Тұғыл кентінің тұрғындары Тарбағатай ауданы Зайсан көлінен суға батып кеткен екінші балықшының мәйітін тапты. Олар 1990 жылы туған балықшыны судан алып шықты", - делінген хабарламада.

Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Айта кетейік, қайғылы оқиға 2020 жылдың 20 қарашасында болған. Екі ер адам балық аулауға кетіп, қайтып оралмаған. Құтқарушылар 26 күн бойы іздестіру жұмыстарын жүргізген. Сүңгуірлер алтыдан тоғыз метрге дейінгі тереңдікке 145 рет түскен. Іздеу жұмыстарының жалпы ауданы 16 291 шаршы шақырымнан асады, бірақ нәтиже болмаған еді.

16 сәуірде ШҚО ТЖД күштері іздестіруді қайта бастағанын хабарлаған. Нәтижесінде сол күні құтқарушылар оқиға болған жерден 30 шақырым жерде 1981 жылы туған бір адамның мәйітін тапқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети