ШҚО-да тікұшақ жоғалып кетті

26 Ақпан 2017, 11:12
1

ШҚО-да тікұшақ жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ТЖД өкілдеріне сілтеме жасап.

Жеке меншіктегі С-341 тікұшағы кеше Үржар ауданындағы Қожа ауылынан ұшып шығып, Аягөз ауданындағы Ақшатау ауылына қонуы керек болған. Куәгерлер тікұшақтың Айғыздың үстінен ұшқанын көрген. Алайда жетер жеріне жетпеген. 25 ақпанда сағат 18.30-да пилот байланысқа шықпаған. Тікұшақтың жоғалған аумағы деп Айғыз бен Ақшатау ауылдарының арасындағы 100 шақырым жер аталып отыр.

"Қазіргі уақытта іздестіру жұмыстарына Үржар және Аягөз аудандарының төтенше жағдай бөлімдерінің қызметкерлері жоғары деңгейлі өтімділігі бар техникамен шықты. Құтқарушылар Әбутәлі қыстағына қарай бағыт алды. Өскеменнен де құтқарушылар келіп жетті. Бүгін таңда Семей қаласынан МИ-17 тікұшағы ұшып шықты, облыс орталығынан МИ-8 тікұшағы шықты. Оның бортында құтқарушылар тобы мен ШҚО ТЖД басшысының орынбасары бар", - делінген хабарламада.

ШҚО ТЖД Дағдарыс орталығында және Аягөз ауданында жедел штаб құрылған.

Іздестіруге ШҚО ТЖД және аудандық ІІБ-нің 29 адамы жұмылған, 4 дана техника тартылған. Жергіліктік атқару органының жеке құрамының 10 адамы мен 5 дана техника тартылды.

Жоғалып кеткен тікұшақтың бортында үш адам болған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай