ШҚО-да тіс дәрігері шұлығына ұялы телефон жасырып, түрмеге алып кірмек болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да тіс дәрігері шұлығына ұялы телефон жасырып, түрмеге алып кірмек болған © polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысында тіс дәрігері шұлығына смартфон жасырып, түрмеге кіргізбек болған, - деп хабарлайды Polisia.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысында тіс дәрігері шұлығына смартфон жасырып, түрмеге кіргізбек болған, - деп хабарлайды Polisia.kz

Тіс дәрігері шұлығына жасырған телефонды жазасын өтеп жатқан сотталушыға кіргізбек болды.

Мекеме қызметкерлері ОВ 156/2 қатаң тәртіптегі түрмесінің медициналық бөлімінде тіс дәрігері болып жұмыс істейтін адам, түрмеге кірген кезде тексеру бөлмесінде сол жақ аяғындағы шұлығының ішінен Samsung J2 маркалы смартфон телефонын тәркіледі.

"Аталған дерек бойынша, ер адамды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін, Қазақстан Республикасы Әкімшілік кодексінің 481-бабы 1-бөлімі бойынша құжаттары жиналды. Мекеме аумағына кіру барысында барлық келушілер мекеме қызметкерлерімен сотталушыларға пайдалануға тыйым салынған заттар табылған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын ескертеді. Алайда, ескертуге қарамастан тыйым салынған заттарды түрлі айламен кіргізуге тырысады", - делінген хабарламада. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети