Зырян қаласының тұрғыны Ирина Судакова 8 және 11 жастағы үш қызымен бірге жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.
Зырян қаласының тұрғыны Ирина Судакова 8 және 11 жастағы үш қызымен бірге жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.
27 қазанда Ирина Судакова балаларымен бірге үйінен шыққан. Олардың екеуі Иринаның қызы, үшіншісі - бұрынғы жұбайының қызы. Қазір төрт адамның қайда екені белгісіз.
"Қыздар бізге жиі келіп тұратын. Кешке Ирина оларды жинап, бұрынғы күйеуі қоңырау шалып, балаларды әкелуін сұрады деген", - дейді Иринаның анасы Ольга Нагорнюк.
28 қазанда жексенбіде ешкім дабыл қақпады. Бұрынғы күйеуі қыздардың Иринамен екеніне сенімді болған. Ал іздестіру жұмысы дүйсенбіде ғана басталды.