ШҚО-дағы орман өрті ауыздықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-дағы орман өрті ауыздықталды Фото: ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысында "Семей орманы" резерват аумағындағы өрт ауыздықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысында "Семей орманы" резерват аумағындағы өрт ауыздықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Өрт 25 сәуірде 19:00-де ауыздықталды. Өрт аумағы 3948 гектар болды. Өртті сөндіруге жұмылған Шығыс Қазақстан облысы және Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары тұрақты орналастыру орындарына оралып жатыр", - делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге "Семей орманы" МОТР күштері мен құралдары жұмылған. "Су құю құрылғысы бар Ми-26Т борты арқылы 100 тоннан аса көлемде 13 төгінді құйылды. Ми-8 борты арқылы 30 тоннадан аса 13 төгінді жасалды", - деді ТЖК өкілдері.

Еске салайық, орман өрті 23 сәуірде басталған. Өртті сөндіруге облыстық ТЖД-нің 400-ден аса қызметкері мен 100-ден аса техникасы, сондай-ақ, дүниежүзіндегі ең үлкен тікұшақ - МИ-26Т жұмылған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети