Шығыс Қазақстан облысының ТЖД өкілдері сел түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысының ТЖД өкілдері сел түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде сел түсірілген видео тарап жатыр. Видео авторларының айтуынша, сел ШҚО-да Бұқтырма су қоймасы маңында болған.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, видеоның Қазақстанға еш қатысы жоқ.
"Бұл видео шындыққа жанаспайды. Сел Дағыстанда болған. Бұл туралы 16-18 маусымда жаңалықтардан көрсетілген болатын. Зырян ауданында мұндай төтенше жағдай тіркелген жоқ. Видеоның біздің облысқа қатысы жоқ", - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы Анастасия Скляр.