05 қыркүйек 2017 09:20

Ішімдікке тойып алған байкерлер Алматы наркоорталығында шоу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© patrul.kz © patrul.kz

Алматы айып тұрағына бірден екі мотоцикл қойылды: олардың жүргізушілері мас күйінде басқарып қана қоймай, ұсталған кезінде полиция қызметкерлеріне құжаттарын көрсетуден бас тартты, - деп хабарлайды patrul.kz.


Алматы айып тұрағына бірден екі мотоцикл қойылды: олардың жүргізушілері мас күйінде басқарып қана қоймай, ұсталған кезінде полиция қызметкерлеріне құжаттарын көрсетуден бас тартты, - деп хабарлайды patrul.kz.

Бірінші байкерді Төле би көшесінде жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатқан. Ер адам құқық қорғау органдары қызметкерлеріне барынша қарсыласып, ізеттілік көрсетпеген. Ол өз досын шақырып, сол жерде полицейлермен ерегескен. 

Полиция қызметкерлері алкогольдің иісін сезіп, екінші байкердің де құжаттарын сұраған. Ер адам құжаттарын үйінде ұмытып кеткенін айтқан. Екеуін де Медеу аудандық АІІБ-не жеке басын анықтау мақсатында жеткізген. Екеуі де агрессияға беріліп, былапыт сөздер айтып, полицейлердің көзінше операторды қорқытқан. 

"Шоу наркологиялық орталықта да жалғасты. Ер адам өз істегенін мойнына алғысы келмей, барынша жалтаруға тырысқан. Олар өздеріне жоғары деңгейдегі қарым-қатынасты талап етіп, баланың ісін істеді", - деп жазады портал тілшілері. 

Дәрігердің аргументтерінен кейін, олар аппаратқа үрлеуге келісім берген. Алкотестер мастықтың орта деңгейін көрсетті. Екіншісі жеңіл түрде мас болған. Сараптама қорытындысы шыққанына қарамастан екеуі де алкогольдік ішімдік ішпегенін айтқан. 

Екінші заң бұзған адам медициналық куәландыруға қол қоюдан бас тартты. Екеуіне де мас күйінде көлікті басқарғаны үшін, ал біреуіне тағы құжаттары болмағаны үшін жаза тағайындалады. Екі мотоцикл де айып тұрағына қойылды.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети