Ішінде жүкті әйел болған. Оралда жедел жәрдем көлігі аударылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішінде жүкті әйел болған. Оралда жедел жәрдем көлігі аударылды

Оралда жол-көлік оқиғасында жедел жәрдем көлігі аударылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы көлікте жүкті әйел болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда жол-көлік оқиғасында жедел жәрдем көлігі аударылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы көлікте жүкті әйел болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция департаментінің мәліметінше, апат 27 мамырда сағат 14-те Шолохов пен Тюленин көшелерінің қиылысында болған. Соқтығысу нәтижесінде жедел жәрдем көлігі бір бүйіріне қарай аударылған.

"Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Toyota Alphard жедел жәрдем көлігімен соқтығысты. Апаттың мән-жайы анықталады", - деп хабарлады полиция өкілдері.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілі де апатқа қатысты мән-жайды хабарлады.

"Бәйтерек ауданы Дарьинская ауруханасының санитар көлігі жол апатына ұшырады. Онда жүкті әйел медбикемен бірге кардиологиялық орталыққа бара жатқан. Арнайы көлікте сирена қосылып тұрған. Бірақ жүргізушілердің бірі жедел жәрдем көлігіне жол бермей апат болды", - деді БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері жүкті әйел мен медбике кішігірім жарақат алғанын айтты. Науқас облыстық перинаталдық орталыққа жеткізілді. Іштегі бала зардап шеккен жоқ. Әйел жүктіліктің 35-нші аптасында болған. Ол жағымсыз салдардың алдын алу үшін ауруханаға жатқызылды.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети