ПОДЕЛИТЬСЯ
21 қараша 2021 | 14:48
Шортандыдағы жарылыс: 13 жастағы бала ауруханада көз жұмды
Ақмола облысы Шортанды кентінде болған қайғылы оқиғада зардап шеккен 13 жастағы жасөспірім ауруханада көз жұмды. Бұл туралы Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2021 жылғы 20 қарашада сағат 21.34-те Шортанды кентінде газ баллонының жарылуынан зардап шеккен 2008 жылы туған кәмелетке толмаған бала Нұр-Сұлтан қалалық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде қайтыс болғанын хабарлаймыз", - делінген хабарламада.
Бұған дейін 16 қарашада Ақмола облысы Шортанды кенті Линейная көшесінде газ баллоны жарылғаны хабарланған болатын. Жарылыстан 3 адам қаза тауып, 10 адам ауруханаға жатқызылған. Кейін зардап шеккендер арасында балалар бары айтылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также