17 қараша 2021 | 11:11

Шортандыдағы жарылыс: зардап шеккендер арасында балалар да бар

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Ақмола облысы ТЖД қызметінен

Шортандыдағы жарылыстан зардап шеккендер арасында балалар да бар. Бұл туралы Ақмола облысының ӨКҚ брифингінде белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шортандыдағы жарылыстан зардап шеккендер арасында балалар да бар. Бұл туралы Ақмола облысының ӨКҚ брифингінде белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Екі ересек адам мен бір бала қаза тапты. Құтқарушылардың айтуынша, кешке бір отбасы қонақ шақырған.

"Зардап шеккендер бір отбасы мүшесі емес, шақырылған қонақтар да бар. Екі отбасы зардап шекті, 5 ересек адам, қалғаны бала. Үй иелерінің өздері - үш ересек, төрт бала. Оларға тағы бір отбасы қонаққа келген, екі ересек және үш бала. Барлығы 12 адам пәтерде болды, оның үшеуі қаза тапты", - деді облыстың ТЖД өкілі.

Реклама
Реклама

ТЖД мәліметінше, екі бала (2009 және 2012 жылы туған) жансақтау бөлімінде жасанды тыныс алу аппаратында ауыр халде жатыр. 

Төтенше жағдайдың алдын алу себебі, газ баллонын пайдалану ережелерін бұзу. Тергеуді полиция жүргізіп жатыр.

Бұған дейін 16 қарашада Ақмола облысы Шортанды кенті Линейная көшесінде газ баллоны жарылғаны хабарланған болатын. Жарылыстан 3 адам қаза тауып, 10 адам ауруханаға жатқызылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная