17 қараша 2021 09:29

Шортандыдағы жарылыс: 3 адам қаза тауып, 10 адам ауруханаға жатқызылды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

16 қарашада Ақмола облысы Шортанды кенті Линейная көшесінде газ баллоны жарылды. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


16 қарашада Ақмола облысы Шортанды кенті Линейная көшесінде газ баллоны жарылды. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сағат 21:38-де Шортанды кентінің №18 байланыс пунктіне полиция бөлімінің кезекшісінен газ баллонның жарылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына барған кезде Барақ үлгісіндегі пәтерде өрт шығып, шатырын толық жалын шарпығаны анықталды. Өрттің аумағы шамамен 350 шаршы метрге жеткен", - делінген хабарламада.

Өрт сөндіруге ТЖД 35 қызметкері мен 7 техникасы, "Жер Ана" ЖШС МЕӨҚҚ-ның 4 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылған. Өрт сағат 22-35-те ауыздықталып, сағат 23:55-те толық сөндірілген.

 "Оқиға орнынан 3 адамның мәйіті табылды. Тағы он адам түрлі дене жарақаттармен аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін Ақмола облыстық тергеу-жедел тобы және зерттеу-өрт зертханасы жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады ТЖМ.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға тұрмыстық газ баллонын қолдануда өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети