Шуда жұрттың көз алдында қыз алып қашқандар видеоға түсіп қалды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шуда жұрттың көз алдында қыз алып қашқандар видеоға түсіп қалды Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желілерде бір топ жігіт күштеп көлікке отырғызып жатқан қыздың видеосы тарады. Онда қыз қарсылық білдіргені әрі адамдарды көмекке шақырғаны көрінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде бір топ жігіт күштеп көлікке отырғызып жатқан қыздың видеосы тарады. Онда қыз қарсылық білдіргені әрі адамдарды көмекке шақырғаны көрінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жазбаға пікір білдірушілер оқиға Жамбыл облысы Шу қаласының теміржол вокзалында болғанын айтты. Сондай-ақ, олардың айтуынша, куәгерлер қыз ұрлау сәтін видеоға түсіріп алуы мүмкін.

Видеоға қатысты Шу аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері пікір білдірді.

"Жігіт пен қыз оқиғаның мән-жайын анықтау және түсініктеме алу үшін аудандық полиция бөліміне шақырылды. Олар бірге жұмыс істейтінін және шамамен, алты айға жуық уақыт кездескенін айтты. Қыз оқиғаны видеоға түсірген, өйткені ол Шуға тек жігіттің ата-анасымен танысуға барған. Ал жігіті бірден той жасауға шешім шығарған, бірақ қыз оған дайын болмаған", - деді тәртіп сақшылары.

Қыз арыз жазудан бас тартқаны айтылды.

"Қазір жұп қыздың үйіне барып, ата-анасымен танысып, салт-дәстүрге сай оның қолын сұрайды", - деді полиция қызметкері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети