Шымкент маңындағы Тоғыс ауылында ер адамның денесі табылды. 3 қаңтарда таңғы уақытта жергілікті дәріхананың қызметкері Мұнай-барлаушылар көшесінде жатқан ер адамның мәйітін көрген, - деп хабарлайды TVK телеарнасы.
Шымкент маңындағы Тоғыс ауылында ер адамның денесі табылды. 3 қаңтарда таңғы уақытта жергілікті дәріхананың қызметкері Мұнай-барлаушылар көшесінде жатқан ер адамның мәйітін көрген, - деп хабарлайды TVK телеарнасы.
Дәріхана қызметкері ер адамның денесін көшедегі дәретханының маңындағы шұңқырдан көрген. Кейінірек қаза тапқан ер адамның Шымкент қаласының 1972 жылғы тұрғыны екені анықталды.
Телеарна журналистері қаза тапқан ер адамның кім екенін және қандай жағдайда қаза тапқанын анықтау үшін толықтай зерттеу жүргізді.
Фармацевт Ольганың айтуынша, ол дәретханаға бара жатқанда, шұңқырдан шығып тұрған адамның қолын көрген. "Міне, көріп тұрсыз ғой, онда әлі де қан іздері жатыр. Оның беті қан болған. Денесі тырысып, шалбары да үстінен түсіп қалған. Полицейлер ол дәретханаға барған болуы мүмкін деген нұсқаны айтқан болатын" , - дейді Ольга.
Телеарна тілшілері анықтағандай, Михаил бірнеше жыл бойы Швецияда жұмыс істеп, жақында Шымкентке қайтып келген. Ал Тоғыс ауылына ол 2 қаңтарда досына қонаққа келген екен.
"Ол үйден 2-нен 3-не қараған күні кешкі уақытта кетті. Есіктер ашық тұрды, ол өзі ғана кеткен. Мен үйіне кеткен шығар деп ойладым. Содан таңертен ұлымнан сұрасам, ол мүмкін анасына кеткен шығар деді. Алайда сол сәтте оның анасы хабарласып, оның өлтірілгенін хабарлады", - деді қаза тапқан ер адам соңғы рет болған үйдің адамдары.
Қазіргі уақытта осы іске қатысы бар адамдардың барлығы қамауға алынды. Ресми емес мәліметтерге сүйенсек, бірнеше жыл бұрын Михаил біреуді қағып өлтірген. Сондықтан шетелге де кетіп қалған. Алайда бұл ақпарат рас па, өтірік па - әлі белгісіз. ІІД өкілдері жұмада осы іске қатысты түсінік беруге уәде берді.
Телеарна дереккөзінің мәліметінше, қылмыс жасалды делінген ер адамның аты-жөні анықталды. Ол -Қайнарбұлақтың 1969 жылғы тұрғыны, осыған дейін сотты болған.