ПОДЕЛИТЬСЯ
16 тамыз 2019 | 15:49
Шығыс Қазақстан облысында аптаптың кесірінен өрт шықты
Шығыс Қазақстан облысында өртсөндірушілер бірнеше күн бойы Үржар мен Аягөз аймағындағы өртпен арпалысты, - деп хабарлайды YK-news.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шығыс Қазақстан облысында өртсөндірушілер бірнеше күн бойы Үржар мен Аягөз аймағындағы өртпен арпалысты, - деп хабарлайды YK-news.kz.
Өрт Аягөз ауданының Мыңбұлақ ауылдық округында шыққан. Аптап пен құрғақшылықтың кесірінен өрт Үржан ауданының аймағына ауысқан.
ШҚО ТЖД-ның мәліметі бойынша, бұл жер "Тарбағатай МҰТП" РММ-ның күзету аймағына кіреді.
© ШҚО ТЖД
"Өртті сөндіру үшін 60 адам мен 9 техника жұмылдырылды. Аймақ құрылысының ерекшелігіне байланысты жұмыс істеу өте қиын болды, оның үстіне жел де бағытын жиі өзгертті. Өртсөндірушілер шартылдақ пен аспалы өрт сөндіргішті пайдаланып, қолмен жұмыс істеді", - деді Үржар ауданы ТЖБ басшысы Жеңіс Домбаланов.
Өрт бірнеше күн бойы сөнбеген. Қазір облыстың оңтүстігінде өрт қаупінің төтенше деңгейі сақталып тұр.
Показать комментарии
Читайте также