Шығыс Қазақстанда қуаттылығы 4 балдық жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Мәліметтер ұлттық орталығына сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстанда қуаттылығы 4 балдық жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Мәліметтер ұлттық орталығына сілтеме жасап.
Жер асты дүмпуі Үржардан солтүстік-шығысқа қарай 165 шақырым қашықтықта болған. ТЖМ-ның мәліметіне қарағанда, ондағы тұрғындар 3 балдық жер тербелісін сезінген. Энергетикалық класы -10.3. Жер сілкінісінің кіндігі 24 шақырым тереңдікте тіркелген. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Еске саламыз, 30 мамырда Каспий теңізінде қуаттылығы 4,6 балдық жер сілкінісі тіркелген болатын. Ол жақтан да зардап шеккендер туралы мәлімет түспеген.