Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Шығыс Қазақстан облысында қасақана өрт қою дерегі тексеріліп жатыр

22 Желтоқсан 2014, 09:26
0
©Тengrinews.kz мұрағатынан
©Тengrinews.kz мұрағатынан

Шығыс Қазақстан облысында қасақана өрт қою дерегі тексеріліп жатыр. Облыстың Аягөз ауданында жеке үйлердің бірінде 30 тонна шөп өртеніп кетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Аягөз ауданындағы Ақшәуле ауылында жеке үйдің ауласында 30 тонна шөп өртенді. Өрттің себебі ретінде қасақана от қою нұсқасы қарастырылып жатыр", - деп хабарлайды баспасөз қызметі. 

Департаменттің мәліметінше, өткен тәулікте облыста барлығы 8 өрт оқиғасы тіркелді. Төтенше оқиғалар Семей, Риддер қалаларында және Шемонаиха, Зырян, Аягөз аудандарында болған. Үш жеке үй, екі монша және бір дүкен өртенді. Бұл оқиғалардың алдын ала себебі ретінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы аталып отыр. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысындағы Глубокое ауданында мектеп өртеніп, ғимараттан 200 бала қауіпсіз жерге көшірілген болатын. Төтенше оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің шығу себебі ретінде электр құрылғыны іске қосу кезінде қауіпсіздік шараларының сақталмауы қарастырылып отыр.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай