18 ақпан 2015 | 10:41

Шығыс Қазақстан тұрғыны далалықта адасып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Yandex.ru ©Yandex.ru

Шығыс Қазақстанда Жарма ауданының тұрғыны жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстанда Жарма ауданының тұрғыны жоғалып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Жарма ауданының "112" пультіне Үш биік ауылының тұрғыны хабарласып, 16 ақпанда 1953 жылы туылған ер адамның үйден шығып кетіп, қайта келмегенін хабарлады", - делінген баспасөз хабарламасында. Хабар беруші жоғалған азаматтың 17 ақпанда шамамен сағат 14.00-де телефон соғып, мал жайып қайтып келе жатқанын, бірақ ол өзінің қайда тұрғанын білмейтінін айтты. Құтқарушылардың айтуынша, іздестіру шаралары Үш биік елді мекенінің шығыс жағында, "Ет комбинаты" аумағының 20 шақырым радиусында жүргізілген. Іздестіру жұмыстарына елді мекеннің бес тұрғыны мен екі дана техникасы жұмылдырылды.

Қараңғы түсіп, ауа райының қолайсыз болуына байланысты сол күні іздеу жұмыстары тоқтатылды. Жарма ауданы ІІБ іздестіру жұмыстары бүгін, 18 ақпанда таңертең қайта басталды.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысында аязға байланысты ескерту жарияланды. Өңірде 19 ақпанда ауа температурасы түнгі уақытта 23-28 градусқа дейін, кей жерлерде 35 градусқа дейін төмендейді, ал 20 ақпанда сынап бағанасы 28-33 градус аралығын көрсетсе, кей жерлерде 38 градус аяз болады.

Еске салайық, бұған дейін Шығыс Қазақстанда боран кезінде үш адамның жоғалып кеткені хабарланған еді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети