Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Шығыс Қазақстанда 42 жолаушысы бар автобус пен КамАЗ соқтығысты

19 Ақпан 2015, 15:09
0
©РИА Новости
©РИА Новости

Шығыс Қазақстан облысында 42 жолаушысы бар автобус КамАЗбен соқтығысты, - деп хабарлайды YK-news.kz. Жол-көлік оқиғасы 18 ақпанда сағат 20.00 шамасында Аягөз - Үшарал трассасында Таскескен ауылынан 20 шақырым жерде болды.

Жол апаты көктайғақтың салдарынан болған, автобус ауыр жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысты. Жол-көлік оқиғасынан төрт адам зардап шекті.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаевтың айтуынша, жол апаты ылди жерде болған. "Жолаушылар автобусы төмен қарай жылжып келе жатып, кенеттен өрде батып қалған КамАЗ-ға қарай сырғып кеткен. Mercedes автобусы жүк көлігіне бетпе-бет соғылды. Бақытына орай, жүк көлігінің жүргізуішісі соқтығыс болған сәтте кабинада болған жоқ, ол Таскескен ауылына көмек сұрап кетуі мүмкін", - деді Торғаев. Оның айтуынша, соқтығыс салдарынан автобустың жүргізушісі мен төрт жолаушы дене жарақатын алды. Қалған жолаушылар, оның айтуынша, жедел жәрдем мен құтқарушыларды шақырды.

Сонымен қатар, жол-көлік оқиғасы орнына Таскескеннің учаскелік полицейлері, Үржар аудандық ішкі істер бөлімі мен жол-патрульдік қызметінің мамандары шапшаң жеткені хабарланды. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, зардап шеккендерді Таскескеннің емханасында дәрігерлеп қарап, қалғандары жергілікті жатақханаға орналастырылды. ІІД мәліметінше, 19 ақпан күні таңертең 42 жолаушының барлығы Алматыға дейінгі келесі рейспен жолға шықты.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай