06 сәуір 2015 15:42

Шығыс Қазақстанда 5-қабаттан секіріп кеткен әйел аман қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz мұрағатынан © Tengrinews.kz мұрағатынан

Шығыс Қазақстанда бесінші қабаттан секіріп кеткен әйел аман қалды, - деп хабарлайды YK-news.kz. Оқиға өткен жексенбіде Өскеменнің Новаторов көшесіндегі көп қабатты үйлердің бірінде болған.


Шығыс Қазақстанда бесінші қабаттан секіріп кеткен әйел аман қалды, - деп хабарлайды YK-news.kz. Оқиға өткен жексенбіде Өскеменнің Новаторов көшесіндегі көп қабатты үйлердің бірінде болған.

Порталдың мәліметінше, 23 жастағы әйел жолдасымен жанжалдасып қалғаннан кейін осындай әрекетке барған. Өз-өзіне қол салмақшы болған әйелдің бірнеше жері сынып, жараланды.

"Әйелге қажетті барлық көмек көрсетілді. Оның қолдары сынып, бетінің кей жерлеріне зақым келген. Құдай сақтады деуге болады, ол бесінші қабаттан құласа да маңызды органдары зақымданбаған. Емделуші есін жиды. Ол бұл қылығы үшін қатты өкінетінін айтты", - дейді екінші қалалық ауруханадағылар. 

Айта кетейік, әйелдің осыдан төрт ай бұрын ауданнан облыс орталығына көшіп барғаны анықталды. Ол бала бағушы болып жұмысқа тұрыпты, оның жақында ғана тұрмыс құрғаны белгілі болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети