© mygorod.kz
Шығыс Қазақстанда ашық даладан миномет снаряды табылды, - деп хабарлайды YK-news.kz.
Шығыс Қазақстанда ашық даладан миномет снаряды табылды, - деп хабарлайды YK-news.kz.
Порталдың мәліметінше, 11 шілде күні құтқарушыларға Айнабұлақ ауылдық округінің жергілікті тұрғыны хабарласып, күдікті затты тауып алғанын айтқан. Өңірлік ТЖД мамандарының айтуынша, ер адам снарядты Темір су учаскесінен тапқан, хабар келіп түскен жерге саперлер шұғыл жетті.
"Мамандар ұзындығы 33 сантиметрік снарядтың ескі үлгідегі миномет екенін анықтады. Саперлер оқ-дәріні алып кетіп, келесі күні жарып жіберді", - делінген жарияланымда.
Айта кетейік, полицейлер снарядтың ашық далаға қайдан келгенін анықтап жатыр.