25 тамыз 2015 17:53

Шығыс Қазақстанда аю 65 жастағы зейнеткерді жарып өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vladtime.ru © Vladtime.ru

Шығыс Қазақстан облысындағы Медвека ауылының 65 жастағы тұрғынын аю жарып өлтірді, - деп хабарлайды YK-news.kz.


Шығыс Қазақстан облысындағы Медвека ауылының 65 жастағы тұрғынын аю жарып өлтірді, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен ер адамның денесін Шемонаихинский аудандық ІІБ қызметкерлері тауып алды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, аю өлген қонжығының кегін алу үшін адамға шабуылдаған болуы мүмкін.

Басылымның мәліметінше, 19 тамызда Медведка ауылының 65 жастағы тұрғыны ауылдан 10-15 шақырым қашықтықтағы орманға жидек теруге кеткен. Дегенмен ол үйіне оралмады. Осыдан кейін туыстары тиісті органдарға хабар берген.

"Іздеуге 15 адам қатысты. Барлық жерді қарадық. Кешке қарай орманнан қанның ізі арқылы тауып алдық", - деді  Шемонаихинский аудандық ІІБ қылмыстық полиция басшысы Серік Оразов.

"Аңшылар аюдың тырнағының жарақатынан болған қанның ізін тез таныды. Жергілікті тұрғындар жақын арада ғана жүк көлігінің қонжықты басып кеткенін еске алды. Аю сол үшін кек алған болуы мүмкін", - деді ол.

 
Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети