Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан бес адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан бес адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 19 ақпанда сағат 23.00-де Жарма ауданы Өскемен - Семей автожолының 113 - шақырымында, Привольное ауылынан 28 шақырым жердегі Қарасу ауылының маңында болған. Автокөлік жолдың шетіндегі жыраға түсіп, аударылып қалды.
"Апатты жағдайда медициналық қызмет көрсету орталығы жедел жәрдемінің күшімен бес адам Привольное ауылына жеткізілді, олар жол-көлік оқиғасының салдарынан жолда қалған. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада. Департаменттің хабарлауынша, сағат 00.20-дағы мәліметке сәйкес бес адамды туыстары алып кетті. Жол апатына ұшыраған автокөліктің маркасы нақтыланған жоқ.
Еске сала кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында 42 жолаушысы бар автобустың КамАЗбен соқтығысқаны хабарланған болатын. Жол-көлік оқиғасы 18 ақпанда сағат 20.00 шамасында Аягөз - Үшарал трассасында Таскескен ауылынан 20 шақырым жерде болды. Жол апаты көктайғақтың салдарынан болған, автобус ауыр жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысты. Жол-көлік оқиғасынан төрт адам зардап шекті.