20 сәуір 2015 10:40

Шығыс Қазақстанда Ертіс өзені бірнеше ауылды басып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ШҚО ТЖД © ШҚО ТЖД

Шығыс Қазақстанда Ертіс өзені бірнеше ауылды басып қалды, - деп хабарлайды YK-news.kz.


Шығыс Қазақстанда Ертіс өзені бірнеше ауылды басып қалды, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Порталдың мәліметінше, мұз кептелісінің салдарынан өзен деңгейі күрт көтеріліп, Бесқарай ауданындағы Кривинка мен Жетіжар ауылдары су астында қалды.

ШҚО ТЖД мәліметтері бойынша, су тасқынына байланысты 120-дан аса адамды қауіпсіз аймаққа көшіруге тура келді. Құтқарушылар Ертіс жағалауындағы бекіністерді мықтау жұмыстарына кірісті. Өзен суы одан әрі тасымауы үшін оқиға орнына МИ-8 тікұшағы жетті. 

"Мамандар демалыс күндері ең ірі мұз кептелістерін жарды. Соның көмегімен Ертіс суының деңгейі 614 сантиметрден 552 сантиметрге дейін түсті", - делінген жарияланымда.

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын эвакуацияланған жергілікті тұрғындар үйлеріне қайтып келіп жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Павлодар облысындағы су тасқынынан Майқайың ауылының ондаған үйінің су астында қалғаны хабарланған болатын. "Біз "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасымен салынған жаңа үйлердің тұрғындарымыз. Біздің үйлер су астында қалды және бұл бірінші рет емес. Баспана батпақты жерде тұрғызылғандықтан, биліктегілердің бізге көмектескілері келмейді", - деп шағымданды жергілікті тұрғын Айдана Бәкібаева.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети