Шығыс Қазақстан облысының Ресеймен шектесетін өңірінде магнитудасы 4,3 болатын жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақ ұлттық деректер орталығына сілтеме жасап. Тербеліс Астана уақыты бойынша сағат 13.45-те болды.

Геофизикалық зерттеулер институтының мәліметінше, зілзаланың эпицентрі Өскеменнен 289 шақырым қашықтықта, 3,7 шақырым тереңдікте анықталды. Бұған дейін Ауғанстанда болған жер сілкінісінің Тараз бен Шымкент қалаларында 2-3 балл түрінде сезілгені хабарланған еді. Сейсмикалық құбылысты станциялар желісі 14 маусым күні жергілікті уақыт 09.58-де тіркеген. Сілкіністің ошағы Алматыдан 888 шақырым қашықтықта - Ауғанстанның Файзабад қаласына жақын маңда анықталған болатын.
Ал мұның алдында 9 маусым күні магнитудасы 4,8 болатын жер сілкінісі Қытайда болды. Эпицентрі Алматыдан 349, Талдықорғаннан 200, Жаркенттен 85 шақырым қашықтықта анықталды.