19 маусым 2015 | 18:02

Шығыс Қазақстанда кене энцефалиті тіркелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© publy.ru © publy.ru

Шығыс Қазақстанда кене энцефалиті тіркелді, - деп хабарлайды YK-news.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстанда кене энцефалиті тіркелді, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Порталдың мәліметінше, ШҚО-да күн сайын кене шаққандар көбейіп келеді. Маусым айының басында зардап шеккендердің саны 2,5 мыңнан асты. Ал таяуда дәрігерлер кене энцефалитін тіркеді. Қауіпті дертке Риддердің үйсіз тұрғыны шалдыққан.

"Кене шаққандардың басым бөлігі Өскеменде тұрады. Облыс орталығында 1200 адамды кене шаққан. Олардың барлығы медициналық көмекке жүгінді. Абырой болғанда кене шаққандардың біреуі ғана кене энцефалитін жұқтырған. Қаңғыбасты бір мезетте бірнеше кене шағыпты", - делінген жарияланымда. 

Дертке шалдыққан ер адам тұрғылықты жері болмағандықтан ауруханаға да бармаған, екпе де салдырмаған. Алайда оның мамандардың қолына қалай түскені белгісіз. Бұған дейін 2 мамырда Өскеменде жүкті әйел кене энцефалитіне шалдықты деген күдікпен ауруханаға жеткізілді, бірақ тексеруден кейін ол диагноз расталған жоқ.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети