Шығыс Қазақстан облысында "мина басып кеткен" ер адам құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан облысында "мина басып кеткен" ер адам құтқарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
10 қазанда, сағат 16.55-те диспетчер қызметінің пультіне Бородулиха ауданы, Камышкенка ауылының тұрғынынан хабарлама келіп түскен. Ол құтқарушыларға өз үйінде мина басып кеткенін, егер аяғын алса жарылыс болуы мүмкін екенін айтқан. "Аудандық ІІБ қызметкерлерінен құралған жедел тергеу тобы үйден мина тапқан жоқ. 1980 жылғы ер адам оқиға болған жерде ұсталды. Оның ішімдік ішкені анықталды", - деп жазылған баспасөз хабарламасында.
Айта кетейік, ҚР Қылмыстық Кодексінің 274-бабына сәйкес, жалған хабарлама таратқан адамға 1000 АЕК көлемінде айыппұл салу немесе 1 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.