07 ақпан 2017 | 18:19

Шымбұлақта болған төтенше жағдайдың мән-жайы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымбұлақта болған төтенше жағдайдың мән-жайы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinrews.kz тілшісі. Қар көшкінінен Ресейдің 31 жастағы азаматы қаза тапқан.


Иконка комментария блок соц сети

Шымбұлақта болған төтенше жағдайдың мән-жайы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinrews.kz тілшісі. Қар көшкінінен Ресейдің 31 жастағы азаматы қаза тапқан.

"Сағат 14.06-да бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне Алматы қаласы ТЖД-ның Универсиада нысаны "Шымбұлақ" тау шаңғысы кешені бойынша азаматтық қорғаныс майоры А.Мырзағалиевтен "Шымбұлақ" тау шаңғысы кешені құтқарушыларына РФ азаматы Алемасов Спартактың "Шымбұлақтың" батыс баурайында жолдан тыс сырғанау кезінде қар көшкіні жүріп, бір адамның қардың астында қалғанын хабарлағаны жайлы хабар түсті", - делінген қалалық ТЖД мәліметінде.

Сонымен қатар, қар көшкіні жүрген оқиға орнына Универсиада нысаны күзетіндегі адамдары, ҚР ІІМ ТЖК Республикалық жедел-құтқару жасағынан құрылған жеке құрамның 6 адамы мен екі кинологиялық ит,  Алматы қалалық ТЖД "ӨС және АҚЖ" ММ-нің жеке құрамының 17 адамы, "Қазселқорғау" ММ-нің 8 адамы, Алматы қалалық құтқару қызметінің 13 адамы және ІІД-нің 10 қызметкері тартылған.

Баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, батыс баурайындағы Шымбұлақ өзенінің шатқалынан оқиға орны дереу табылды. Біршама уақыттан кейін ҚР ІІМ ТЖК іздеу иті іздестіру орнын анықтап берген.

Сағат 15.23-те құтқарушылар күш біріктіріп, Ресей Федерациясының азаматы Белослудцев Алексей Николаевичтің (03.01.1986) денесін шығарған. Сағат 16.14-те іздеу тобының құрамына кіретін жедел медициналық көмек дәрігерлері реанимациялық шаралардан кейін өлімді тіркеді. Қаза болған ер адам РФ-ның Краснояр қаласынын Универсиадағы фристайл бойынша делегациясының құрамында келген, ол техникалық төреші болған.

"Қайғылы оқиға Универсиада жолынан тысқары жерде болған. Марқұмның досының айтуынша, олар фрирайдпен айналысу үшін адам жүрмеген қарлы жерлерді іздеген. Олар сырғанауға болмайтынын түсінген", - дейді баспасөз қызметіндегілер. 

"Қазселқорғау" ММ мәліметінше, жүрген қар көшкінінің көлемі - 350 текше метр. 

Осыған дейін Шымбұлақта Ресей азаматы қар көшкінінің астында қалып, қаза тапқаны хабарланған болатын. Бұл туралы мәліметті ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов растаған еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети