26 қараша 2016 17:44

"Шымбұлақта" ер адам қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Шымбұлақ" тау-шаңғы курортында ер адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жеке дереккөзіне сілтеме жасап.


"Шымбұлақ" тау-шаңғы курортында ер адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жеке дереккөзіне сілтеме жасап.

Тау-шаңғы курортының баспасөз қызметіндегілер бұл мәліметті растады. "Бүгін, 26 қарашада "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортында қайғылы оқиға орын алды. Курорттағы құтқару қызметкерлері ес-түссіз жатқан ер адамды тауып алды. Содан ер адамды курорттағы медициналық пунктке жеткізу туралы шешім қабылданды. Құтқару қызметіндегілер мен медициналық орталықтың қызметкерлері қажетті шараларды қолданды. Жедел жәрдем қызметіндегілер ер адамның қайтыс болғанын айтты. Алдын ала диагноз: жедел жүрек жетіспеушілігі", - деді курорттың баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, курортта жұмыс уақытында медициналық орталықтың және кезекші құтқару қызметіндегілердің тәулік бойы жұмыс істейтіні айтылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети