08 ақпан 2017 | 11:21

Шымбұлақта мерт болған ресейлік ешкім жүріп көрмеген тау бөктерімен сырғанамақ болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алматы ТЖД баспасөз қызметі © Алматы ТЖД баспасөз қызметі

Шымбұлақта қар көшкіні салдарынан көз жұмған ресейлік достарымен бірге ешкім жүрмейтін тау бөктерімен сырғанамақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Шымбұлақта қар көшкіні салдарынан көз жұмған ресейлік достарымен бірге ешкім жүрмейтін тау бөктерімен сырғанамақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ресейлік БАҚ-тың мәліметі бойынша, шаңғышылар ешкім жүрмеген жерлерді арнайы іздеген. 

"Сол күні ски-кросс жолдарынан сырғанап болған соң, жігіттер жоғары барып, ешкім жүрмеген жерлерді іздеген. Аспалы жолмен 2 600 метр биіктікке көтеріліп, ары қарай жаяу көтеріледі. Ал ол кезде күн жылынып, қар құрылымы өзгерген. Қар көшкіні жүретіні болжанған еді. Куәгерлердің сөзінше, қар көшкіні Алексейді тартып әкетіп, (...) ол көзден ғайып болған", - деп келтіреді НГС.Новости куәгерлердің сөзін. 

Экстремалдардың әрекетіне қарамастан, оқиға орнында қар көшкінін қолдан жүргізбегені үшін ҚР ІІД ТЖ бойынша комитетінің бөлімшелерін сынға алғандар болды. 

"Универсиада алдында қар көшкінін қолдан жүргізу бойынша барлық қажетті шаралар жасалды. Сонымен қатар, Қазселқорғау мен осы бағыттағы өзге де бөлімшелер спорт шаралары өтетін орындарда күшейтілген тәртіпте кезекшілік еткен.

Егер бөлімшелер кінәлі деген пікірге келер болсақ, таудың барлық тұстарында қар көшкінін алдын ала түсіру мүмкін еместігін еске салғым келеді", - деп жауап берді бұл сынға комитет төрағасы Руслан Иманқұлов.

Айта кетейік, "Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, қар көшкінінің жүруіне шаңғышылардың өздері түрткі болған. Қар 2 650 метр биіктіктен басталып, Шымбұлақ өзенінің түбіне (2 400 биіктікте) келіп тоқтаған. 

Алексей Белослудцев қайғылы оқиға болғанға дейін Іnstagram желісіндегі өзінің парақшасында Қазақстандағы таулардың қонақжай екенін жазып, сурет жүктеген. 

Еске салайық, ресейлік шаңғышы Алексей Белослудцев Шымбұлақтағы қар көшкінінің жүруі салдарынан көз жұмған. Спортшы "Сноуборд ски кросс" жарысы бойынша техникалық төреші болған. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети