Шымбұлақта Ресей азаматы қар көшкінінің астында қалып, қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы мәліметті ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.
Шымбұлақта Ресей азаматы қар көшкінінің астында қалып, қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы мәліметті ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.
Жалғасы
Шымбұлақтың батыс баурайында қар көшкіні жүрген. Иманқұловтың айтуынша, ер адам жол шетінен шығып кеткен. Ол қар құрсауынан шығарылып, ауруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлер оны құтқара алмаған.
Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм Ресей Федерациясының азаматы және жарыстардың рефериі екен.