"Вот так обманывают на рынках в городах Казахстана" деген атаумен YouTube хостингінде пайда болған видео Шымкентте түсірілген.
"Вот так обманывают на рынках в городах Казахстана" деген атаумен YouTube хостингінде пайда болған видео Шымкентте түсірілген.
Түсірілім қаладағы базарлардың бірінде болған. "Сақ болыңыздар! Мұндай адамдардың құрбаны болмау үшін, ең жақсысы қол таразы алып жүргендеріңіз абзал. Ескертілді - қарулы", - деп жазды автор Ғалымжан Көшербаев.
Otyrar.KZ порталының мәліметінше, видеода көкөніс салынған шелектің жартылай қағазға толы екендігі көрінген. "Көзге үлкен болып көрінгенімен, салмағы жоқ. Саудагер сатып алушы тауардың жартысын ғана сатып алып тұрғанын білмеуі үшін шелекті тығып қояды", - деп жазады басылым.
Интернетте осыған дейін де базарлардағы қулық әрекеттер түсірілген видео жария болған еді. YouTube хостингінің осы арнасында келесідей жазба пайда болған еді. Видеоның қайда түсірілгені белгісіз.