30 қаңтар 2023 | 16:14

Шымкент ҚДСБ өкілдері фитнес-клубтағы қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте танымал фитнес-клубта төрт жасар бала суға батып кетті. ТЖМ мәліметінше, сәби ересектердің қарауынсыз қалған. Бала ауруханаға қандай жағдайда жеткізілгенін Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдері айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Шымкентте танымал фитнес-клубта төрт жасар бала суға батып кетті. ТЖМ мәліметінше, сәби ересектердің қарауынсыз қалған. Бала ауруханаға қандай жағдайда жеткізілгенін Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдері айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәрігерлердің айтуынша, бала ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер науқастың өмірі үшін күрескен, бірақ оны аман алып қала алмаған, төрт жасар бала ауруханада көз жұмды.

"Жедел жәрдем қызметіне қаладағы дене шынықтыру орталықтарының бірінен хабарлама түсті. Шақыруда 4 жасар бала есінен танып, бассейнге батып кеткені көрсетілген. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері зардап шегушіні қалалық клиникалық ауруханаға жеткізді. Жағдайы ауыр, жедел реанимацияға қарамастан науқас ауруханада көз жұмды", - деді Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдері.

Tengrinews.kz тілшісі бала суға кеткен фитнес-клуб басшылығына хабарласты. Шымкенттегі танымал спорт залының өкілдері оқиғаға қатысты пікір беруден бас тартты. ТЖД мәліметінше, бала 1,2 метр тереңдіктегі балалар бассейніне батып кеткен. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети