Шымкентте Lexus көлігіндегі белгісіз біреу қызды күштеп "ұрлап" әкеткен сәтін куәгерлер видеоға түсіріп алған. Бейне әлеуметтік желілерде пайда болды. Қалалық полиция департаменті жағдайды түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде "қызды күштеп алып қашу" кезі түсірілген видео пайда болды.
"Бұл видеоны куәгерлер жіберді. Олар кеше кешке Шымкент орталығында бір қызды күштеп алып қашқанын мәлімдеді", - дейді басылым авторы видео сипаттамасында.
Шымкент полиция департаменті 2021 жылдың 3 наурызында сағат 20.00 шамасында қаладағы қонақүйлердің бірінің жанында Lexus маркалы автокөлігіндегі белгісіз біреулер қызды күштеп көлікке отырғызып, кетіп қалғаны туралы хабарлама түскенін айтты.
"Оқиға болған жерге келген жедел-тергеу тобы бірқатар қажетті шаралар өткізіп, оқиғаның мән-жайын анықтады. Сауалнама барысында 22 жастағы қыз 23 жастағы жігітімен ұрысып қалғанын, бірақ көлікке өз еркімен отырғанын түсіндірді. Сондай-ақ, бойжеткен жас жігітке ешқандай шағымы жоқ екенін айтты", - деп хабарлады Шымкент ПД өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!