Шымкент полицейлері өз сыныптастарын соққыға жығып, оны видеоға түсіргендерді тапты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шымкент полицейлері өз сыныптастарын соққыға жығып, оны видеоға түсіргендерді тапты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, видеодағы балалар Шымкенттегі мектептердің бірінің алтыншы сынып оқушылары болып шықты. Оқиғадан кейін учаскелік инспекторлар оқушылармен және олардың ата-аналарымен кездесті. Ата-аналардың ешқайсысының бір-біріне өкпесі жоқ болып шықты.
Оқиға 6 сәуір күні болған екен. Балалар бір-бірімен ойнап, оқиғаны видеоға түсірмекші болған. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы - "Бұзақылық" бойынша Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркеуге алынды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, Шымкентте оқушылар сыныптастарының соққыға жығылған сәтін видеоға түсірген болатын. Видеоның сипаттамасында оқиғаның № 12 мектепте болғаны айтылады.