Шымкент-Самара тасжолында жол апаты болып, 5 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шымкент-Самара тасжолында жол апаты болып, 5 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
17 маусымда шамамен сағат 4.00-де Ордабасы ауданындағы Шымкент-Самара тасжолында "Лада" және Mercedes-220 көліктері соғысып қалғаны айтылады. Жол апаты жайлы хабарлама Ордабасы аудандық ІІБ-не түскен.
"Полиция оқиға орнына келген соң екі жүргізушінің қаза болғанын анықтады. Ордабасы және Бәйдібек аудандарының 1990 және 1995 жылғы тұрғындары , "Лада" көлігінің 1990 және 1989 жылғы жолаушылары мен "Лада" көлігінің 1972 жылғы жүргізушісі ауруханаға барар жолда көз жұмған. Mercedes-220 көлігінің бес жолаушысы: 1995, 1997 және 1998 жылғы жолаушылары түрлі жарақаттармен Ордабасы аудандық ауруханаға жеткізілді", - ІІД өкілдері.
Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") қылмыстық іс қозғалды. Сараптамалар тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр.